Боксшыларымыздың бәсі басым

Боксшыларымыздың бәсі басым Сурет: интернеттен

Астанада өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатының бірінші күнінде қазақ боксшылары сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап. 



Турнир басында Қазақстаннның бес боксшысы жекпе-жек өткізіп, бесеуі де жеңіске жетті. Үш боксшы қарсыласын нокаутқа түсірді.


Алексей Хаванцев (60 келі) бірінші раундта бутандық боксшы Дечен Доржиден басым түссе, Ахмет Үсен (63,5 келі) түркіменстандық Мерген Ходжамаммедовпен кездесуін рефери үшінші раундта тоқтатты. Ал Санжар-Али Бегалиев (75 келі) вьетнамдық Фам Данг Луды жеңді. Кездесу екі раундқа созылды.


Сонымен қатар жарыстың бірінші күні Қазақстан құрамасының сапында Нұрасыл Төлебек (54 келі) оңтүстіккореялық боксшы Чжин Чжу Анды айқын жеңді. Ал Жансері Көшербаев (57 келі) тайваньдық Чу По Чунямен өткен жекпе-жекте жеңіске жетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:46

13:15

12:40

12:07

11:45

11:05

10:49

10:45

10:37

10:27

10:14

10:10

17:54

17:50

16:40

16:12

15:42

15:30

14:52

14:10

13:26

13:13

12:59

12:46

12:07