Найзағай ойнап, жауын жауады

Найзағай ойнап, жауын жауады Сурет: Almaty-akshamy.kz

Синоптиктер 28 сәуірге  арналған Қазақстан аумағындағы ауа райының қауіпті құбылыстарына қатысты болжаммен бөлісті. 



Синоптиктердің болжамынша, еліміздің солтүстік және оңтүстік өңірлерінде тұрақсыз ауа-райы күтіледі, найзағаймен жаңбыр жауады, оңтүстіктің, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, оңтүстік-шығыста кей уақыттарда қатты жауын-шашын жауады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.


Еліміздің батысына, шығысына, орталығына антициклон әсер етеді, онымен жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында бұршақ, оңтүстігінде дауыл, шаңды дауыл, оңтүстік-шығысында тұман күтіледі.


Жамбыл облысының түнде шығысында, таулы аудандарында 2 градус үсік күтіледі.


Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде, Түркістан облысының солтүстігінде, Атырау облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады, Жетісу облысының солтүстігінде, Абай, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:24

16:10

15:40

15:15

14:50

13:46

13:15

12:40

12:07

11:45

11:05

10:49

10:45

10:37

10:27

10:14

10:10

17:54

17:50

16:40

16:12

15:42

15:30

14:52

14:10