Жібек жарап тұр

Жібек жарап тұр Сурет: prosports.kz
Қазақстандық Жібек Құламбаева нидерландтық Ясмин Гимбремен жұптасып өткен турнирде жеңіске жетті. Ал Григорий Ломакин ресейлік Павел Вербинмен бірге жеңіске жетті, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.


Тунисте өткен ITF W35 турнирінің финалында Жібек Құламбаева мен Ясмин Гимбре (Нидерланд) Кайла Макфи (Аустралия)/Ксения Зайцева (Ресей) жұбынан басым түсіп, 6:4, 7:5 есебімен ұтты.


Бұл - Жібектің биылғы маусымдағы үшінші жүлдесі.


Шымкентте екінші ITF M15 турнирі өтті. Жұптық сында Қазақстан-Ресей жұбы Григорий Ломакин/Павел Вербин жеңімпаз атанды.


Олар финалда үндістандық Эс Де Пражвал/Сай Картек Реддиді 7:6, 6:3 есебімен ұтты. Ломакин мен Вербин бір апта бұрын Шымкентте өткен дәл осындай ITF турнирде жеңіске жеткен.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:31

17:45

17:16

16:24

16:10

15:40

15:15

14:50

13:46

13:15

12:40

12:07

11:45

11:05

10:49

10:45

10:37

10:27

10:14

10:10

17:54

17:50

16:40

16:12

15:42