«Pfizer» вакцинасын 874 298 жасөспірім салдырды

«Pfizer» вакцинасын 874 298 жасөспірім салдырды
Сурет: Сoronavirus2020.kz

2022 жылғы 26 тамызда Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 - ші компонентін 9 582 729 адам, 2 - ші компонентін 9 365 724 адам салдырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының мәліметтеріне қарағанда, 2022 жылғы 26 тамызда «Pfizer» вакцинасының I-ші дозасын 1 238 580 адам, ІІ-ші дозасын 1 198 154 адам салдырды.
Оның ішінде:
І-ші компонентін 874 298 жасөспірім, 41 621 жүкті әйел, 145 424 бала емізетін әйел салдырды.
ІІ-ші компонентін 859 171 жасөспірім, 39 447 жүкті әйел, 141 957 бала емізетін әйел салдырды.