«Таза Қазақстан» акциясына 1 миллионнан астам адам қатысты

«Таза Қазақстан» акциясына 1 миллионнан астам адам қатысты Сурет: Қайрат Қоныспаев

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының үшінші аптасы аяқталды.



Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, «Жасыл аймақ» апталығы аясында бүкіл ел бойынша 330 мыңнан астам көшет отырғызылып, 500-ден астам саябақ мен алаң абаттандырылды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.


Астанада Мемлекет басшысы волонтерлер, жастар ұйымдарының көшбасшылары, креативті индустрия және ғылыми зиялы қауым өкілдерімен бірге ағаш отырғызды. «Таза Қазақстан» акциясы аясында 8-27 сәуір аралығында аймақтарда 5 мыңнан астам іс-шара өткізіліп, оған 1 млн-нан астам адам қатысты.


29 сәуір мен 4 мамыр аралығында қарттар үйі, ардагерлер, жұмыс барысында қаза тапқан құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасы тұратын үйлер аумағын абаттандыруға бағытталған «Өнегелі ұрпақ» тақырыптық апталығы жоспарланып отыр.


Іс-шаралар Жамбыл облысында 29 сәуірге, Алматыда 30 сәуірге, Ақтөбе облысында 1 мамырға, Шымкентте 2 мамырға, Қостанай облысында 3 мамырға, Түркістан облысында және басқа өңірлерде 4 мамырға жоспарланған. Жастар ресурстық орталықтары, ұйымдар, волонтерлік қоғамдастықтар акция шеңберінде өткізілетін барлық іс-шараға белсенді қатысады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26