Алматыны одан сайын көркейтеміз

Алматыны одан сайын көркейтеміз Сурет Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінен алынды

Бостандық ауданында қала тұрғындары мен қонақтары 125 алма ағашын отырғызды


Бостандық ауданында барлығы 400 жасыл желек отырғызылды: 125 алма, 25 қарағай және 250 бұта. 


Көшеттер үш жерге егілді: Тұңғыш Президент саябағы, әл-Фараби-Садықов көшесі жағында, Абай даңғылының бөлу жолағы және Ғабдуллин көшесінің бойында.  


Іс-шараға еліміздің еңбек сіңірген қайраткерлері, әлем чемпиондары, блогерлер, қазақстандық эстрада жұлдыздары, аудан белсенділері мен бастамашыл тұрғындарды қосқанда 780-ден астам адам қатысты.


Күйші-домбырашы Айгүл Үлкенбаева мұндай маңызды іс-шараға қатыспай, үйде жата алмағанын айтты.



«Бұл тұрғындар, табиғатты аялап, бағасын білетіндер үшін маңызды оқиға. Бүгін біз осындай игі істе бас біріктіріп, Алматыны одан сайын көркейтеміз!», - деді ол.



Акцияға қала тұрғыны, блогер және әнші Малика Есмұханбетова атсалысты. 



«Қаламыздың одан да әдемі әрі жайқалтуға үлес қосқаныма қуаныштымын. Әр ағаш біз үшін, табиғат үшін маңызды. Бәріміз осылай жиналғанымызға қуаныштымын. Қазақстанымыз өркендей берсін!»,- деді ол. 



Қала тұрғындары үшін мерекелік көңіл-күйді қолдау мақсатында ауданның шығармашылық ұжымдарының қатысуымен концерт ұйымдастырылды. 


Естеріңізге сала кетейік, акция барысында 8 мыңнан астам ағаш отырғызылды, оның ішінде 4 мыңнан астамы алма. «Қарағайлы орманы» саябағының аумағында 500 алма және өрік көшеті, «ALA» саябағының аумағында 2270 көшет және Боралдай өзенінің бойындағы бақылау алаңында 1000-ға жуық көшет отырғызылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:41

18:39

18:31

18:10

16:06

15:46

14:37

14:12

12:22

12:05

09:32

12:48

12:02

11:37

11:12

10:45

10:12

09:36

09:30

09:02

08:53

07:41

06:19

05:37

05:14