Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер Сурет: Pravo.by

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сəуíрдегí №88-V Заңына сəйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызмет — көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тəртíппен жүзеге асырылатын жəне олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі болып табылады.

Қазіргі таңда мемлекеттік көрсетілетін қызметтің 93% онлайн форматта көрсетіледі.

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында көрсетілетін мемлекеттік қызмет атаулары, беру тәсілдері, көрсету мерзімі, көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі, белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер, мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін, ескере отырып, өзге де талаптар, сонымен бірге мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығында анықталып көрсетілген.

Алматы бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы көрсетілген бұйрыққа сәйкес мемлекеттік қызметтің 3 түрін көрсетеді:

1)      Эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру;

 Қызметке көрсетілетін талаптар:

1)      электрондық  "бір өтініш" қағидаты бойынша "электрондық үкімет": www. egov. kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы өтініш жолдау; 

2)      қажетті зертханалық-аспаптық зерттеулерге сәйкес аккредиттелген зертханалар жүргізген зерттеулер хаттамаларының электрондық көшірмесі;

3)      Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі - 13 (он үш) жұмыс күні.

4)      көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау, егер талаптарға сай екені анықталса – нысанның сәйкестігі туралы СЭ қорытынды немесе сәйкессіздігі анықталса – дәлелді бас тарту рәсімделеді.

 

2)      Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге зиянды заттар мен физикалық факторлардың қоршаған ортаға, санитариялық қорғау аймақтарына және санитариялық-қорғаныш аймақтарына шекті жол берілетін шығарындылар мен шекті жол берілетін төгінділер, шикізат пен өнімнің жаңа түрлеріне нормативтік құжаттама жобаларының сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру;

Қызметке көрсетілетін талаптар:

1)      электрондық  "бір өтініш" қағидаты бойынша "электрондық үкімет": www. egov. kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы өтініш жолдау; 

2)      ұсынылған нормативтік құжаттама жобасының электрондық көшірмесі;

3)      Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі - 10 (он) жұмыс күні.

4)      көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған жобалардың дұрыс еместігін анықтау, егер талаптарға сай екені анықталса – жобаның сәйкестігі туралы СЭ қорытынды немесе сәйкессіздігі анықталса – дәлелді бас тарту туралы  рәсімделеді.

 

3) Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерін өндіру объектілеріне есептік нөмірлер беру және олардың тізілімін жүргізу.

Қызметке көрсетілетін талаптар:

1)      электрондық  "бір өтініш" қағидаты бойынша "электрондық үкімет": www. egov. kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы өтініш жолдау; 

2)      өндірілетін тамақ өнімі тізбесінің электрондық көшірмесі және эпидемиялық маңызы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының және (немесе) эпидемиялық мәні елеусіз объектінің қызметі (пайдалану) басталғаны туралы хабарламаны (бұдан әрі – хабарлама);

3)      Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі - 5 (бес) жұмыс күні

4)      көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының дұрыс еместігін анықтау, егер талаптарға сай екені анықталса –тамақ өнімінің өндірісі объектісіне есепке алу нөмірін беру туралы растау немесе  сәйкессіздігі анықталса мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап  рәсімделеді.

Барлық көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері жеке және заңды тұлғаларға тегін негізде көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары және анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары gov.egov.kz интернет-ресурста орналастырылған.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштер қабылдау мен қызмет көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
1
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:58

19:29

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09