Шегіртке шаруаларды шығынға батыруы мүмкін

Шегіртке шаруаларды шығынға батыруы мүмкін Сурет: Aikyn.kz

Егістік алқаптарында шегіртке қаптап, шаруаларды шаш етектен шығынға батыруы мүмкін. Себебі, биыл зиянкестер ең көп таралады деген қауіп бар.

 Бұл туралы Үкімет отырысында айтылып, мәселенің алдын алу тетіктері қаралды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

 Премьер-Министр бұл мәселеге қатаң жауапкершілікпен қарау қажет деді. Сондықтан Ауыл шаруашылығы министрлігіне облыс әкімдіктерімен бірлесіп, зиянкестердің таралу орындарын анықтауға қосымша ресурстарды жұмылдыруды және өңдеу жұмыстарын бақылауға алуды тапсырды. Ол үшін бюджеттен 8 млрд теңге бөлінді. Сондай-ақ, жиында көктемгі егіс жұмыстарының жайы да пысықталды. Биыл 23 млн гектар аумаққа егін егілмек. Ауыл шаруашылығы министрінің айтуынша, шаруаларға дизель отыны жеткілікті. Дала жұмыстарына 140 миллиард теңге қарастырылған. Үкімет басшысы бөлінген қаржы мен субсидиялардың мақсатты жұмсалуын қатаң бақылауды да тыпсырды.

Субсидияларды бөлу бойынша барлық құқықтар әкімдіктерге берілгендіктен, Сізге, Айдарбек Сейпілұлы, әкімдермен бірлесіп, шаруаларға тиесілі субсидияларды әділетті және тиімді бөлу мәселесін қатаң бақылауға алу қажет. Қаржы осы саладағы ірі ойыншылардың табыс көзіне емес, ауыл тұрғындарының мүмкіндіктерін кеңейтіп, шығарылатын өнім көлемін арттыруға ықпал етуі тиіс,  - дейді ҚР Премьер министрі Олжас Бектенов.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:58

19:29

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09