Жедел жәрдем станциясының ұжымында конституциялық реформа түсіндірілді

Жедел жәрдем станциясының ұжымында конституциялық реформа түсіндірілді
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Кездесуге қалалық штаб мүшесі – Алматы қаласы мәслихатының депутаты Алмат Қодасбаев, Алмалы аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Ерлан Альбисенов және Алматы қаласы «Jas Otan» ЖҚ төрағасы Әкежан Кеңесов қатысты.

Конституциялық реформаны түсіндіру мақсатында Алмалы ауданында орналасқан Жедел медициналық жәрдем станциясының ұжымында енгізілетін түзетулер түсіндірілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Кездесуге қалалық штаб мүшесі – Алматы қаласы мәслихатының депутаты Алмат Қодасбаев, Алмалы аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Ерлан Альбисенов және Алматы қаласы «Jas Otan» ЖҚ төрағасы Әкежан Кеңесов қатысты.

Біздің ел азаматтарының өткізіліп жатқан референдумға жауапкершілікпен қарап, Жаңа Қазақстанды құруға шынайы қызығушылық танытқандары қуантады.

«Референдумды өткізу үшін халықтың басым бөлігінің қатысуы қажет. Сондықтан да біз «AMANAT» партиясындағы әріптестерімізбен бірге еліміздің Ата заңына өзгерістерді түсіндіру бойынша жұмысқа белсене қатыстық. Президенттің референдумда Конституцияға өзгерістер енгізу туралы шешімі – бұл біздің болашағымызды бірге құруға және топтасуға шақыру. 5 маусымда әрқайсымыз осы іс-шараға қатысып, жаңа Қазақстан тарихының беттерін жазуға өз үлесімізді қоса аламыз», - деп атап өтті партияның қалалық штабының мүшесі, Алматы қаласы мәслихатының депутаты Алмат Қодасбаев.

Қызметкерлер тарапынан оларды қызықтырған сұрақтар қойылып, партиялықтар тиісті жауаптар берді.

«Жалпы, Алматы қаласы бойынша 11 жедел жәрдем қосалқы станциясы жұмыс істейді, қаланы толық қамту үшін қосымша 7-9 қосалқы станция қажет», дейді қызметкерлер.