Анкарада Абай Құнанбайұлы туралы кітап жарық көрді

Анкарада Абай Құнанбайұлы туралы кітап жарық көрді
Сурет: Ашық дереккөзі

Екі томдық кітап 1889 жылдан 2020 жылға дейін баспасөзде жарияланған барлық еңбектерді толық қамтыған ғылыми басылым

Абай Құнанбайұлына арналған ұжымдық монография Анкарада ағылшын тілінде басылып шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Сондай-ақ «Абай Құнанбайұлы: сипаттамалы библиографиялық көрсеткіш» атты ғылыми еңбек те жарыққа шықты. Бүгін астанада қос бірдей кітаптың таныстырылымы өтті. Бұл еңбектер шетелдік қауымға қазақ ойшылы Абай мен оның мұрасын жан-жақты танытуды көздейді. Екі томдық кітап 1889 жылдан 2020 жылға дейін баспасөзде жарияланған барлық еңбектерді толық қамтыған ғылыми басылым. Библиографиялық көрсеткіште 12 мыңнан астам дерек қамтылған, деп хабарлады "Хабар 24".

«Бұл абайтанушы ғалымдарға да, жас ізденушілерге де жалпы Абай шығармасына қызыққан халыққа өте қажетті. Бұнда ерекшелігі сол, осы еңбектерге сипаттама беріліп, оның ерекшеліктерін айтуында», -дейді "Абай академиясы" ғылыми-зерттеу институтының директоры Жандос Әубәкір.