Алматыда 310 шетелдік елден шығарылды

Алматыда 310 шетелдік елден шығарылды
Сурет: Polisia.kz

Биылғы жылдың басынан бері Алматыда ҚР көші-қон заңнамасын бұзудың 15 904 дерегі анықталды.

4 182 іс бойынша шетел азаматтары жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

"Сот шешімдерімен 310 шетелдік Қазақстан Республикасынан шығарылды, жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 673 шетел азаматы ПД қабылдап-тарату бөліміне орналастырылды. Сонымен қатар, 2022 жылдың 6 айында еңбек иммигранттарына жеке адамдарда жұмыс істеуі үшін 34 162 рұқсат қағазы берілді және ұзартылды. Қазіргі уақытта заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу және шетелдіктерді азаматтық-процессуальдық тәртіпте елден шығару – біздің бірінші кезектегі міндетіміз", – деді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Сондай-ақ, полиция Алматыда жыл басынан бері “Келімсек” және “Нелегал” екі республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізілгенін хабарлады.