Алматыда Әзірбайжан мен Армения келіссөзі өтеді

Алматыда Әзірбайжан мен Армения келіссөзі өтеді Сурет: интернеттен

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.


Қазақстан Әзірбайжан мен Арменияға келіссөз алаңын ұсынады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Ресми өкілдің айтуынша, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бакуге де, Ереванға да жасаған сапарында екі ел арасында берік, ұзақ мерзімді бейбітшілікті тез арада орнатудың маңызын атап өткен. Осыған байланысты Қазақстанның келіссөз өткізу үшін алаң ұсынуы екі мемлекетке көмектескісі келетінін көрсетеді.



«Шынында да осындай келіссөзді Алматыда өткізу жоспарланып отыр. Біз Әзірбайжан мен Армениядағы әріптестерімізбен байланыстамыз. Алдағы келіссөздер тек екі тарап арасында жүргізіледі. Астананың делдалдығы туралы сөз жоқ екенін атап өткім келеді. Біз тек Good office деп аталатын ізгі ниет қызметін көрсетеміз. Көліссөздің өтетін күні немесе басқа ақпарат қосымша хабарланады», - деді Айбек Смадияров СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.



Ресми өкіл келіссөзді өткізуге бюджет қаржысы көп жұмсалмайтынын да атап өтті.



«Бұл ауқымды шара емес. Қазақстан қандай да бір шығынды өтеуі мүмкін. Алайда қос тарап мәмілеге келіп жатса, оның пайдасы тұтас аймаққа тиеді» - деді ол.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:06

20:37

20:24

20:06

19:32

18:41

18:15

17:40

17:20

17:12

16:53

16:36

16:17

16:08

16:00

15:49

15:35

15:32

15:13

15:03

13:04

12:53

12:42

12:24

12:22