Тоғызыншы кездесу

Тоғызыншы кездесу Сурет: ашық дереккөз

Елена Рыбакинаның Мадридтегі WTA 1000 турнирінің жартылай финалында әлемнің екінші ракеткасы Арина Соболенкомен кездесетін болды.


Испания астанасында өтіп жатқан аламанның ширек финалында әлемнің екінші ракеткасы беларусь Арина Соболенко жеңіске жетті. Ол 17 жастағы ресейлік Мирра Андреевадан (№43) 6:1, 6:4 есебімен басым түсті. Осылайша Соболенко сыйақы қоры 7,6 миллион еуроны құрайтын турнирдің жартылай финалына жолдама алды.


Матч бір сағат 20 минутқа созылды. Осы уақыт аралығында Андреева екі дабл-фол жіберіп, бірде-бір брейк-пойнтқа қол жеткізе алмады.


Соболенконың еншісінде бір эйс, екі дабл-фол және үш брейк-пойнт бар.


Енді белорус теннисшісі финал жолдамасын Рыбакинамен сарапқа салады. Бұл екеуара тоғызыншы, ал биылғы екінші кездесу болмақ.   


Естеріңізде болса, бұған дейін екі теннисші қаңтарда өзара кездесіп, ол кезде Елена жеңіске жеткен болатын. Бірақ өзара кездесулер бойынша жалпы есепте Арина алда тұр - 5:3. 


Матч 3 мамыр күні сағат 00:30-да басталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38

20:24

19:58

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10

17:09

16:34

16:25

16:18

16:09

16:07

15:22

14:48

14:38