"Отау" тұрғын үй бағдарламасына өтінім беру мерзімі аяқталды

"Отау" тұрғын үй бағдарламасына өтінім беру мерзімі аяқталды Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Қазақстанда "Отау" бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау аяқталды.


"Отау" тұрғын үй бағдарламасы бойынша 1 наурыздан 30 сәуірге дейін созылған өтінім қабылдау мерзімі аяқталып, бұл мерзімде 25 038 мың өтінім қабылданған, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz "Отбасы банкіне" сілтеме жасап. 


Өтінім бергендердің басым бөлігі – 35 жасқа дейінгі жастар: 



16 747 адам (67%) – 35 жасқа дейінгі азаматтар; 
8291 адам (33%) – 35 жастан асқандар.  



Енді 15 мамырға дейін өтінімдер сараланып, оларға ұпайлар беріледі. 


Қатысушыларды іріктеу балдық жүйе бойынша жүргізіледі: 


Салым бойынша сыйақы мөлшерінің көлемі – әрбір 1 000 теңге үшін 5 балл;


Депозит мерзімі – әрбір жыл үшін 5 балл (клиент бағдарламаға бірнеше депозитпен қатысқан жағдайда, жинақтау мерзімі ұзағырақ депозит ескеріледі);


Тіркелген некенің болуы – некеде тұру жылдарына қарамастан 10 балл;


Балалардың болуы (18 жасқа дейінгі) – балалардың санына қарамастан 50 балл.


Іріктеуден өткен клиенттердің тізімі "Отбасы банкінің" сайтында жарияланады. 
Еске салайық, несиенің ең жоғары сомасы Алматы мен Астанада 30 миллион теңгені, басқа аймақтарда 18 миллион теңгені құрайды. Алматы, Астана, Шымкент және облыс орталықтарында тек бастапқы тұрғын үйді, оның ішінде ҚТК кепілдігімен үлестік қатысу шарты бойынша сатып алуға болады. Қалған елді мекендердің барлығында кез келген баспана түрін сатып алуға болады.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:37

09:59

09:21

09:19

09:11

09:11

08:37

08:21

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38

20:24

19:58

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10

17:09