Алматыда жекеменшік футбол клубы ашылды

Алматыда жекеменшік футбол клубы ашылды Сурет: Sakh.com

 Команда қазақ спорт және туризм академиясының базасында жасақталды.


«КАЗАСТ» деп аталатын ұжымның алға қойған мақсаты бар. Енді футболшылардың доп тебе жүріп, спорт саласында сапалы білім алуға мүмкіндігі бар. Орта мектепті бітірген балалар академияда іріктеуден өтіп, бірінші курсқа қабылданады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 


Кейін футбол немесе футзал бөлімін таңдап, ел чемпионатына қатысады. Жаңа команда сапына жастардан бөлек, тәжірибелі ойыншылар да алынды. Аталған клуб Қазақстанның екінші лигасында ойнайды. Олар алғашқы турда «Тұран» жастар командасымен жолығып, 2:1 есебімен басым түсті.



«Осы КАЗАСТ клубымыз Қазақстан чемпионатында екінші лигаға қатысып, өз бағымызды сынап жатқан жайымыз бар. Бұл әрине осы оқу процесін, студенттеріміздің теориялық білімін одан ары тәжірибеде шыңдау мақсатында», - дейді Қазақ спорт және туризм академиясының проректоры Мұхтар Есқалиев.





Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:37

09:59

09:21

09:19

09:11

09:11

08:37

08:21

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38

20:24

19:58

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10

17:09