Алматы облысында қызмет бабында қаза тапқан полицейдің құрметіне мемориалдық тақта ашылды

Алматы облысында қызмет бабында қаза тапқан полицейдің құрметіне мемориалдық тақта ашылды Сурет: Polisia.kz

Алматы облысының полицейлері қызмет бабында қаза тапқан әріптестерін еске алды.


Алматы облысының Іле ауданында қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерге арналған естелік тақтасының салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz



«2000 жылы милиция сержанты Манас Жұмаділов қызмет бабында ерлікпен қаза тапты. Күнделікті кезекшілік кезінде оған Боролдай ауылындағы жеке секторлардың бірінде қылмыскердің тұрғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына барған ол бұрын сотталған пәтер тонаушыны өз бетінше ұстау әрекетін жасаған. Алайда қылмыскердің қолындағы пышақты байқамай, оның құрбаны болды. Ауыр жарақат алғанына қарамастан, Манас қылмыскерді әріптестері оқиға орнына жеткенше соңына дейін ұстады. Өкінішке орай, алған жарақаты салдарынан мерт болды», – дейді облыстық тәрбие және кадр жұмысы басқармасының басшысы Абылай Нұрымов.



Мемориалдық тақта кадет сынып оқушылары оқитын Өтеген батыр ауылында орналасқан №7 орта мектепте салтанатты түрде ашылды. 



«Манас 27 жасында ерлікпен қаза тапты. Ол қайтыс болғаннан кейін ІІІ дәрежелі “Айбын” орденімен марапатталды. Милиция сержанты Жұмаділовтың ерлігі өскелең ұрпаққа үлгі, өйткені өмірдегі ант пен таңдаған жолға адалдық үлкен құрмет сезімін тудырады», – деп қосты А.Нұрымов.



Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған жылдары қызметтік міндеттерін орындау кезінде 818 қызметкер қаза тауып, 4634-і жарақат алды. Олардың көпшілігі елге абыроймен қызмет етіп, азаматтарды қылмыстық қол сұғушылықтан қорғап, заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету жолында мезгілсіз дүниеден өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:37

09:59

09:21

09:19

09:11

09:11

08:37

08:21

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38

20:24

19:58

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10

17:09