Алматы облысында полиция 3 күн ішінде 2 мыңнан астам құқық бұзушылықты анықтады

Алматы облысында полиция 3 күн ішінде 2 мыңнан астам құқық бұзушылықты анықтады Сурет: Polisia.kz

Профилактикалық іс-шаралардың 3 күнінде Алматы облысының тәртіп сақшылары 2799 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесті.



«Полиция қызметкерлері елді мекендерді, әкімшілік учаскелерді және саяжай массивтерін патрульдеуге көп көңіл бөлді. ЖПІШ шеңберінде есепте тұрған 2011 адам, оның ішінде шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғанм – 297, әкімшілік қадағалауға жататын – 368, пробация қызметінде – 619 адам, ерекше талаптар белгіленген 168 адам және қорғау нұсқамасы шығарылған 381 адам тексерілді», – деп атап өтті ПД ЖПҚБ бастығы Мұрат Қалиасқаров.



Бұрын жасалған 14 қылмыс ашылды, іздеуде жүрген 4 адам табылды. Облыс бойынша барлығы 2799 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктер ішкені үшін – 185, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз болуы – 292, балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамауы бойынша – 113, ұсақ бұзақылық – 78.\



«ҚР жол қозғалысы ережелерінің құқық бұзушылықтарын анықтауға ерекше көңіл бөлінді. Мәселен, 3 күн ішінде полицейлер жол қауіпсіздігі желісі бойынша 1030 бұзушылықты анықтады. Оның ішінде жаяу жүргіншілер мен жол қозғалысының өзге де қатысушыларының қозғалыс ережелерін бұзғаны үшін – 839, мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін – 24, жаяу жүргіншілерге немесе жол қозғалысының өзге де қатысушыларының жүруіне басымдық бермегені үшін – 165 адам жауапкершілікке тартылды», – деп толықтырды М. Қалиасқаров.



Рейд барысында полицейлер жүргізушілерге ЖҚЕ қатаң сақтау қажеттігін, қауіпсіздік белдіктерін пайдаланудың маңыздылығын және рұқсат етілген жылдамдық режимін сақтауды еске салды.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:06

20:37

20:24

20:06

19:32

18:41

18:15

17:40

17:20

17:12

16:53

16:36

16:17

16:08

16:00

15:49

15:35

15:32

15:13

15:03

13:04

12:53

12:42

12:24

12:22