Батыс Желтоқсан көшесімен көлік қозғалысы ішінара шектеледі

Батыс Желтоқсан көшесімен көлік қозғалысы ішінара шектеледі Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі 

Жылу желілерін жөндеу кезінде Батыс Желтоқсан көшесінде жол жүру ішінара шектеледі


 24 сәуірден 31 мамырға дейін М.Ганди көшесінен Тимирязев көшесіне дейін Батыс Желтоқсан көшесімен көлік қозғалысы ішінара шектеледі. Себебі, магистральдық құбыр ауыстырылып, жол төсемі орташа жөндеуден өтеді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 32 жылдан астам пайдаланылып келе жатқан құбыр зақымдануына байланысты жаңартуды қажет етеді. Соңғы бес жылда мұнда 17 зақым тіркелді.


 Күн сайын сағат 07:00-ден 22:00-ге дейін Батыс Желтоқсан көшесіндегі қозғалыс солтүстікке қарай біржақты болады. Күн сайын 22:00-ден 07:00-ге дейін және демалыс күндері қозғалыс екі жаққа да жабылады.


 Ганди көшесінен оңтүстік бағытта әл-Фараби даңғылына шығатын жол Қозыбаев көшесі бойынша ұйымдастырылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:22

14:48

14:38

14:28

14:01

13:17

13:14

13:09

13:02

12:51

12:35

12:17

12:11

12:07

11:49

11:40

11:25

11:24

10:57

10:49

10:44

09:43

09:26

09:18

08:50