Ұлттық банк зейнетақы активтері туралы мәлімдеме жасады

Ұлттық банк зейнетақы активтері туралы мәлімдеме жасады
almaty-akshamy.kz

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі БЖЗҚ зейнетақы активтері есебінен "Эйр Астана" АҚ-ның жай акцияларын бастапқы орналастыруға (IPO) қатысатынын мәлімдеді.

Оның аясында 2024 жылғы 14  ақпанда БЖЗҚ зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліне 1 акция үшін 1 073,83 теңге бағамен 24,9 млрд теңгеге «Эйр Астана» АҚ-ның жай акциялары сатып алынды. «Эйр Астана» АҚ-ның сатып алынған жай акцияларының жалпы саны 23 168 975 дананы немесе шығарылған компания акцияларының жалпы санының6,5%-ын құрады.

Қазақстанның жоғары сапалы эмитенттерінің жай акцияларын сатып алу БЖЗҚ зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелін әртараптандыруға бағытталды және ұзақмерзімді перспективада оның кірісін арттыруға ықпал етеді.

БЖЗҚ зейнетақы активтерін «Эйр Астана» АҚ-ның жай акцияларына инвестициялау туралы шешім тұрақты қаржылық көрсеткіштерге, сондай-ақ болашақта тұрақты дивидендтер төлеуге мүмкіндік беретін компания қызметінің жоғары рентабельділігіне негізделді. Осы инвестициялар іс жүзінде БЖЗҚ салымшыларына Орталық Азияның авиациялық нарығындағы көшбасшылардың біріне акционер болуға мүмкіндік береді.

Зейнетақы активтерін басқару нәтижелері туралы мәліметтерай сайынБЖЗҚ сайтында жарияланады.