Тұмау ауруының алдын алудың ең тиімді әдісі-вакцинация

Тұмау ауруының алдын алудың ең тиімді әдісі-вакцинация
almaty-akshamy.kz

Алматылық мамандар ЖРВИ мен тұмаудың сырқаттанушылық жағдайы туралы айтты

Айналымдағы тұмау вирустарының арасында А / H3N2 басым. Бұл туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн брифингі барысында Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдері хабарлады.

Алматы қаласында жіті респираторлық вирустық инфекциялармен (ЖРВИ) сырқаттанушылықтың бақылау деңгейінен аспайтын маусымдық өсуі байқалады.

Өткен 5 аптада ЖРВИ - нің 19525 жағдайы тіркелді, 100 мың тұрғынға шаққандағы сырқаттанушылық көрсеткіші-875,72 құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңінің көрсеткіші деңгейінде (19485 жағдай) және алдыңғы аптаның көрсеткішінен 34,7% - ға төмен(29921 жағдай). 

Қалада тұмау вирустарының  А / H3N2 түрі таралуда. Ағымдағы жылдың эпидемиологиялық маусымның қараша айының бастап  зертханалық расталған тұмаудың  232 жағдайы тіркелді, науқастарға ем тағайындалған, жағдайлары қанағаттанарлық.

Қалада жіті респираторлық вирустық инфекциялардың басқа вирустары:риновирус, бокавирус, РС вирус,аденовирус, парагрипп, маусымдық коронавирус айналымда  жүр.    

Тұмаудың алдын алу мақсатында эпидемияға дейінгі маусымда тұмауға қарсы барлығы 257 495 адам вакцинацияланды, бұл қаланың жалпы халқының 11,5% - на құрады, оның ішінде жергілікті бюджет қаражатына «Гриппол плюс» вакцинасымен «тәуекел тобындағы» 250000 адам (медицина қызметкерлерін, медициналық ұйымдарда медициналық бақылауға жататын балаларды, алты айдан асқан көп ауыратын балаларды, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары, сәбилер үйлері балаларын, жүрек-қантамырлық жүйесінің және тыныс алу мүшелерінің созылмалы аурулары бар адамдар, және эпидемиологиялық көрсетімдері бойынша медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) қызмет алушылар, жүктіліктің 2-ші немесе 3-ші триместрінде жүкті әйелдер), ақылы негізде жұмыс берушілердің қаражатына 6202 адам және өз қаражатына 1293 адам егілді.

Ауырған балалардың үлес салмағы 59,2% құрайды.

Брифингке Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Назгүл Иманғалиева да қатысты, ол қаланың медициналық ұйымдарында ЖРВИ диагнозымен амбулаториялық емделуде 14 жасқа дейінгі балалар - 11 552, 15-17 жастағы жасөспірімдер – 2 011, ересектер - 5 962, оның ішінде жүкті 330 адам бар екенін хабарлады.

Спикер журналистердің вакцинациядан кейін тұмаумен ауыру мүмкін бе деген сұрағына жауап берді. 

 «Вакцинациядан кейін патологияның ауыр ағымының ықтималдығы айтарлықтай төмендейтінін түсіну маңызды. Ол іс жүзінде нөлге ұмтылады. Адам вакцинациядан кейін ауырып қалса да, ауыр асқынуларға тап болмайды»,- деді Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қасымхан Алпысбайұлы.

Тұмау ауруының алдын алудың ең тиімді әдісі-вакцинация.

«Қала бойынша тұмау, ЖРВИ және коронавирус ауруларының мониторингі жалғасуда, эпидемиологиялық жағдай бақылауда», - деп толықтырды Департаментте.

ЖРВИ, тұмаумен сырқаттанушылық күшейген кезеңінде эпидемиологтар халыққа алдын алу шараларын сақтауды ұсынады:

  • дәрігердің тағайындауымен иммундау жүйесін көтеру: С дәруменін, оксолин жақпа майын қолдану;
  • жаппай іс-шаралар өтетін орындарға баруды қысқарту, бөлмелерде ылғалды жинау жүргізіп, желдету, ЖРВИ-мен науқастанғандармен қарым-қатынаста болмауға тырысу, қарым-қатынаста болған жағдайда бетперде киіп, жеке гигиена ережелерін сақтау қажет;
  • ауырған жағдайда үйде болу керек, өз бетінше ем қабылдамай, медицина қызметкерін шақыру керек, түшкіру және жөтелу кезінде ауызды қолмен, майлықпен, орамалмен жауып, қолды мүмкіндігінше жиі жуу қажет;
  • науқас балаларды мектептерге, мектепке дейінгі балалар мекемелеріне, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарға жібермеу.