Наурызда неше күн демаламыз?

Наурызда неше күн демаламыз?
Сурет: интернеттен

Келесі айда екі ресми мереке бар.

Қазақстандықтардың наурыз айында неше күн демалатыны белгілі болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

2024 жылдың наурыз айында қазақстандықтар 14 күн демалады.

Бұл айда екі ресми мереке – 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні және Наурыз мейрамы бар.

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнінде аптасына бес күн жұмыс істейтіндер (8, 9, 10 наурыз) үш күн демалады.

Ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін (8-10 наурыз) – демалыс, ал 9 наурыз жұмыс күні.

Наурыз мейрамында (21-25 наурыз аралығы) қазақстандықтар бес күн демалады.

Ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін 25 наурыз – жұмыс күні, олар 21-24 наурыз аралығында демалады.