Алматы облысында «Батыл тойтарыс – 2022» оқу-жаттығуының белсенді кезеңі өтті

Алматы облысында «Батыл тойтарыс – 2022» оқу-жаттығуының белсенді кезеңі өтті Сурет: Gov.kz

Қорғаныс министрі нұсқаулар берді.


Десанттық-шабуылдау әскерлерінің бөлімшелері «Батыл тойтарыс – 2022» кешенді ведомствоаралық стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуының негізгі кезеңінде қалалық жағдайда жауынгерлік іс-қимыл жүргізудің тактикалық тәсілдерін пысықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Елді мекендерде ұрыс жүргізудің ерекшелігі жеке құрамның даярлық деңгейінің жоғары болуын талап етеді. Осыған байланысты оқу-жаттығу барысында әскерлер қызметінің аталған бағытына ерекше назар аударылды.



«Оқу-жаттығудың жоспары бойынша барлау, артиллериялық, инженерлік-саперлік бөлімшелердің және ұшқышсыз басқарылатын құрылғылардың есептоптарымен күшейтілген десанттық-шабуылдау батальоны құрамындағы батальондық тактикалық топ арнайы операциялар күштері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілерімен бірге іс-қимыл жасай отырып, бандалық топтар басып алған елдімекенді азат ету тапсырмасын орындады», - делінген Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.



Аумақты барлағаннан кейін десантшылар армия авиациясындағы тікұшақтар тобының көмегімен шартты қарсыласты айналып өтіп, оған оқ жаудырды.


Инженерлік-саперлік бөлімшелер ғимараттарда кіретін жолды, азат етілген нысандарды минадан тазартып, негізгі күштердің алға жылжуын қамтамасыз етті.


Барлық ғимараттарды алған соң Ұлттық ұлан бөлімшелері жұмысқа кірісті: Олар елді мекенді тазартып, қоғамдық тәртіпті сақтау шараларын ұйымдастырды.


Оқу-жаттығудың белсенді кезеңіне қатысқан Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов әскери қызметшілердің даярлық деңгейін бағалап, оқу-жауынгерлік тапсырмаларды бірлесіп орындау барысында күштік құрылымдардың өзара іс-қимылын қолдау жөнінде нұсқаулар берді.



«Батыл тойтарыс – 2022» ведомствоаралық стратегиялық командалық штабтық оқу-жаттығуы ел Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың күштік құрылымдарды тиімді үйлестіруді қамтамасыз ету, олардың жедел және әскери-техникалық үйлесімділігін жолға қою, сондай-ақ ведомствоаралық үйлестіруді күшейту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында өткізіліп жатқанын естеріңізге сала кетейік, - делінген хабарламада.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:13

15:03

13:04

12:53

12:42

12:24

12:22

12:09

11:53

11:50

10:26

10:14

10:02

09:47

09:45

09:37

09:05

08:37

08:09

20:41

20:11

19:52

19:32

18:49

18:13