Алматыда тау бөктеріндегі ірі құрылыс нысаны  сот шешімімен бұзылды

Алматыда тау бөктеріндегі ірі құрылыс нысаны  сот шешімімен бұзылды Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Ауданы шамамен 544 шаршы метр болатын объектіні меншік иесі (жеке тұлға) рұқсат беру құжаттамасынсыз, авторлық және техникалық қадағалауларсыз шаруашылық тәсілмен тұрғызған.

Басқарма меншік иесіне қатысты жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 316-бабы 1-бөлігі, 321, 322-бөлігі 1, 463-бөлігі 1-бөлігі бойынша шаралар қабылдады, сондай-ақ жол берілген бұзушылықтарды жоймағаны үшін нұсқама берілді. 

Нұсқама талаптарын орындамағаны үшін меншік иесі  ҚР ӘҚБтК 462-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады. 

Айта кетерлігі, 2023 жылғы 9 маусымда Медеу аудандық сотының шешімімен басқарманың объектіні бұзуға қатысты талап арызы қанағаттандырылды, содан кейін меншік иесінің аппеляциялық шағымы бойынша сот талқылаулары жүргізілді.

2023 жылғы 21 қыркүйекте Алматы қалалық соты бірінші сатыдағы шешімді өзгеріссіз қалдырды.

Сүру бүгін сот орындаушыларының қатысуымен басталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:52

19:12

19:06

18:56

17:51

17:43

17:35

16:58

16:13

16:07

15:49

15:42

15:35

13:05

12:58

12:58

12:57

12:43

12:30

12:16

12:05

11:59

11:50

11:19

10:53