Петропавлдағы жылу орталығында тағы апат болды

Петропавлдағы жылу орталығында тағы апат болды
Cурет: Baq.kz

Қазіргі уақытта орталықта екі қазандық агрегаты мен 2 турбина ғана жұмыс істеп тұр

Петропавлдағы № 2 жылу-электр орталығында кезекті рет апат болып, бірнеше қазандық істен шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Петропавлдағы № 2 жылу-электр орталығында 26 наурыз күні сағат 21.30 шамасында апат болды. Әлеуметтік желіде тараған ақпарат бойынша, қазіргі уақытта орталықта екі қазандық агрегаты мен 2 турбина ғана жұмыс істеп тұр.

“СевКазЭнерго” АҚ баспасөз қызметі бұл мәліметті растады.

Баспасөз хатшысы Лилия Шеринаның айтуынша, қазіргі уақытта кәсіпорында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Толық ақпарат сәл кейінірек беріледі.

Естеріңізге салайық, 20 наурыз күні жылу-электр орталығының түтін мұржасы жартылай опырылып құлап, салдарынан жұмысшы әйел мерт болды. Ал Петропавл тұрғындары пәтерлерінің суып кеткеніне шағымданған еді.