Тоқаев жер қатынастары саласына қатысты заңға қол қойды

Тоқаев жер қатынастары саласына қатысты заңға қол қойды
Сурет: Ашық дереккөз

2023 жылы 4 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жер қатынастары саласына қатысты заңға қол қойды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, делінген Ақорда сайтында.