Оқуға құжат қабылдау басталды

Оқуға құжат қабылдау басталды
Сурет: ашық дереккөз

Мемлекеттік басқару академиясы 2 жылдан артық еңбек өтілі бар мемлекеттік қызметшілер мен өзге де тұлғаларды оқуға шақырады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Магистратура мен докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша 2023 жылға құжат қабылдау онлайн форматта жүзеге асырылады. Электронды құжаттарды Академияның ақпараттық жүйесіне (https://admission.apa.kz) электронды түрде жүктеу қажет.