Бейжің қаласына әуе рейстері артады

Бейжің қаласына әуе рейстері артады Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Бейжің қаласына әуе рейстері артады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, биыл 27 сәуірден бастап China Southern Airlines әуе компаниясы Алматы-Бейжің әуе бағыты бойынша рейстер санын аптасына 3-тен 7-ге дейін ұлғайтқан. Осылайша, әуе компаниясы осы бағыт бойынша рейстерді күнделікті негізде орындайтын болады.


Рейстер сыйымдылығы 152-200 орындық «Эйрбас-А320/А321» типті әуе кемелерінде орындалады.


Айта кетсек, 2023 жылғы 10 қарашадан бастап Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасында өзара визасыз режим жұмыс істейді. Бұл екі ел арасындағы кедергісіз саяхатқа ықпал етеді.


Рейстер санының артуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға септігін тигізеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:02

09:47

09:45

09:37

09:05

08:37

08:09

20:41

20:11

19:52

19:32

18:49

18:13

18:02

17:54

17:40

17:20

17:14

17:01

16:30

16:25

16:18

16:16

16:10

15:53