Вакцина балалар үшін қауіпті ме?

Вакцина балалар үшін қауіпті ме? almaty-akshamy.kz

Әлеуметтік желідегі хабарламаға негіз болған «Бірде-бір вакцина балалар үшін қауіпсіз емес» деп аталатын мақала 2023 жылдың қыркүйегінде redko-da-metko.ru сайтында шыққан. Айта кетейік, порталда кез келген адам мақала жаза алады. Материалдар жалған ақпараттың барына тексерілмей жарияланады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Мақаланың авторы – Дүниежүзілік денсаулық сақтау кеңесі. Мұндай материал ұйымның ресми порталында да шықты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау кеңесі – бейресми мемлекеттік орган. Бұл вакцинация туралы фейк ақпарат таратып, балама емдеу әдістерін ұсынатын псевдомедициналық ұйым.

Кеңес басшылары негізсіз қастандық теорияларын насихаттайды және белсенді антиваксерлер болып табылады. Ұйымның негізін қалаушылар Дженнифер Хибберд пен Тесс Лори. Соңғысы COVID-19-ды ивермектинмен емдеуге кеңес берген. Бұл экто және эндопаразиттерден құтылу үшін ветеринарияда қолданылатын антипаразиттік препарат. Ғылыми зерттеулер ивермектиннің коронавирустық инфекцияны емдеудегі тиімділігін растаған жоқ. Сонымен қатар, бұл препаратты бақылаусыз қолдану адамдардың денсаулығына қауіпті және ағзаға орны толмас зиян келтіруі мүмкін.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау кеңесі өз мақаласында балаларды егу туралы фейк жинаған. Вакцинация демікпе, аллергия, аутизм, қант диабеті, семіздік және басқа да ауыр ауруларды тудырады екен. Бұл жалған мәлімдемелердің бәрін әртүрлі елдердің медициналық қауымдастықтары мен фактчекерлер, соның ішінде біздің сайт та жоққа шығарды.

Шындығында, вакциналар қоғамға егу үшін мақұлданғанға дейін қатаң клиникалық сынақтардан өтеді. Әлемдік елдер барлық сапа стандарттарына сәйкес келетін және олардың қауіпсіздігін растайтын препараттарды ғана тіркейді.

  • Мысалы, қызылшаға қарсы екпелер 2000-2017 жылдар аралығында 21 миллионнан астам адамның өлімінің алдын алды.
  • Вакциналар балаларды зиян келтіріп қана қоймай, өлімге әкелуі ықтимал аурулардан құтқарады. Бұл әсіресе иммундық жүйесі әлі дамымаған нәрестелерге қатысты.
  • Егер вакцинациядан бас тартсаңыз, онда көкжөтел, дифтерия, полиомиелит сияқты көптеген елдерде жойылған жұқпалы аурулар қайта шығады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау кеңесінің хабарлауынша, шешек ауруын вакцинация емес, гигиена, таза су және жақсы тамақтану жойған. Бұл өтірік. ДДҰ мәліметтері бойынша, шешек мыңдаған жыл ішінде миллиондаған адамның өмірін қиды. Бұл қауіпті ауру тек вакцинацияның арқасында ғана жойылды. ДДҰ бұл туралы 1980 жылы ресми түрде жариялады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау кеңесі балаларды вакцинациялау туралы жалған ақпарат таратып, олардың өміріне қауіп төндіреді. Ата-аналар алданып қалмау және балаларының денсаулығын сақтау үшін ресми дереккөздерге көбірек сенуі керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:57

19:28

18:26

17:34

17:09

17:02

16:13

15:56

15:45

15:40

13:55

13:53

13:53

13:47

13:05

12:40

12:22

12:20

12:18

12:14

12:12

11:51

11:39

11:08

10:53