Алматылық сарапшылар COVID-19-ға қарсы екпенің маңыздылығын ескертті

Алматылық сарапшылар COVID-19-ға қарсы екпенің маңыздылығын ескертті
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматыда коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Жыл басынан бері қалада коронавирустық инфекцияның зертханалық расталған 217 жағдайы тіркелді, оның 14% 14 жасқа дейінгі балалар. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау Департаментінің басшысы, қаланың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қасымхан Алпысбайұлы хабарлады. 

«Соңғы 7 күнде ауруды жұқтырғандар саны 1,5%-ға өсті. Алдыңғы 7 күнде 29 жағдайға қарсы 42 инфекция жағдайы тіркелді», - деді Қ. Алпысбайұлы.

Эпидемиологтар инфекцияның алдын алуда вакцинацияның маңыздылығын атап өтеді. Маман коронавирустық инфекциядан қорғанудың жалғыз әдісі - вакцинация екенін еске салды.

«Коронавирустық инфекцияны жұқтырудың алдын алу үшін қорғаныс маскаларын қолдану және адам көп жиналатын жерлерге барудан және температурасы жоғары науқастармен байланыста болудан бас тарту ұсынылады. Аурудың алдын алу үшін үй-жайларды үнемі желдетіп отыру, дымқыл тазалау, сондай-ақ жеке гигиена ережелерін сақтау ұсынылады», - деп бөлісті Қ. Алпысбайұлы.

Департамент мәліметінше, жыл басынан бері тіркелген 217 жағдайдың ішінен анықталғаны:
* өздігінен қаралғандар – 190 жағдай;
* профилактикалық мақсатта – 17 жағдай;
* эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша – 10 жағдай.

Жыл басынан бері COVID-19 инфекциясын жұқтырған адамдардың жас құрамы бойынша:

* 1 жасқа дейінгі балалар – 21 жағдай ;
* 14 жасқа дейін – 30 жағдай;
* 15-19 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында – 8 жағдай;
* 20-39 жас аралығындағы азаматтар – 76 жағдай;
* 40-59 жас аралығындағы азаматтар – 34 жағдай;
* 60 жас және одан жоғары – 69 жағдай тіркелді.