Ғалымдар ревакциналау үшін үздік алты вакцинаны атады

Ғалымдар ревакциналау үшін үздік алты вакцинаны атады
Cурет: Ашық дереккөз

Зерттеу жұмысында жеті вакцина сыналған

Шетелдік ғалымдар бұған дейін AstraZeneca мен Pfizer вакцинасын алған адамдарды зерттеу нысанына алған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Bloomberg агенттінің мәліметінше, Ұлыбритания ғалымдары AstraZeneca мен Pfizer вакцинасын алған адамдар үшін алты вакцина тиімді болатынын анықтаған. Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде бұл вакцинаның барлығы адам ағзасындағы антиде деңгейін арттыруға мүмкіндік беретіні белгілі болған.

Зерттеу жұмысы барысынада барлығы жеті вакцина сыналған. Авторлардың айтуынша, бір ғана вакцина Pfizer вакцинасын алғандарда антидене мөлшерін арттыра алмаған. Ол француз-австриялық компания шығарған Valneva вакцинасы. Ал, Pfizer, Moderna, Johnson&Johnson, AstraZeneca, немістердің Curevac және америкалық Novavax вакциналары сынақтан сүрінбей өткен. Соңғы екі вакцина Ұлыбритания мен Еуроодақ елдерінде әлі мақұлданбаған.

Зерттеу жұмыстарының авторы Саул Фаусттың айтуынша, сынаққа қатысқан вакциналардың барлығының иммундық көрсеткіші жоғары болған.