Жоғары дәрежедегі кездесу

Жоғары дәрежедегі кездесу
Cурет: Бокс федерациясы

Жоғары оқу орындарында бокс спорт түрін дамыту талқыланды

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Халықаралық Бокс федереациясының президенті (AIBA) Умар Кремлёв пен Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышевты қабылдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Жоғары дәрежеде өткен кездесуде тараптар қазақстандық бокстың жан-жақты дамуына тоқталды. Кездесудің маңызды мәселелердің  бірі ретінде мектептер мен жоғары оқу орындарында бокс спорт түрін дамыту талқыланды. 

Естеріңізге сала кетейік, бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы Белградта өткен Әлем чемпионатында 2 алтын, 2 күміс, 1 қола жүлде иеленген болатын. Жалпы командалық есепте ел құрамасы екінші орынға табан тіреп, ел мерейін үстем етті.