«Менің өмірімде екі рөл бар»: көпбалалы полицей табысының құпиясын бөлісті

«Менің өмірімде екі рөл бар»: көпбалалы полицей табысының құпиясын бөлісті
Cурет: Кадрдан скрин

Мереке күндеріне қарамастан әйел-полиция қызметкерлерінің қызметі әдеттегідей жалғасуда

8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Polisia.kz редакциясы қос иығына погон тағып, ерлермен қатар елі мен жерінің тыныштығы үшін аянбай еңбек етіп жүрген арулар жайлы ақпарат ұсынбақ. Тәлімгер, аға криминалист, көпбалалы ана – полиция майоры Альфия Рахымбаева ІІМ Алматы академиясын 2005 жылы бітіріп, Жетісу аудандық Полиция басқармасының жедел-криминалистика бөліміне қызметке келді.

«Біздің негізгі қызметіміз – оқиға орнын тексеру, қылмыс іздерін, қол іздерін анықтау және бекіту. Өз басым дактилокоспиялық, суық зерттеумен айналысамын, сонымен қатар жас қызметкерлерге тәлімгермін. Барлық кішкентай қыздар сияқты мен де полиция қызметкері болуды, форма киюді армандадым, бұл маған романтика сияқты көрінді. Мен үшін жақсы үлгі, беделді адам ағам болды. Ол да полиция қызметкері», – дейді Альфия Рахымбаева.

Мереке күндеріне қарамастан әйел-полиция қызметкерлерінің қызметі әдеттегідей жалғасуда. Олар ер әріптестерімен бірге қылмыскерді ұстауға барады, қылмыс болған жерлерді тексереді.

«Мен анамын және әйелмін. Төрт балам бар. Біз – көпбалалы ата-анамыз. Менің өмірімде отбасым мен күйеуімнің қолдауы үлкен рөл атқарады. Әрине, жұмысқа байланысты қиын сәттер болады. Үйде мен анамын. Менің өмірімде екі рөл бар: жұмыста мен аға криминалистпін, үйде – аяулы ана мен әйелмін. Халықаралық әйелдер күні барша әйелдерге бақыт, денсаулық, махаббат пен амандық тілеймін. Ғұмырларыңыз ұзақ болсын!», – деді майор Рахымбаева.