Ұйғыр ауданында биіктігі 30 метрлі тутұғыр орнатылды

Ұйғыр ауданында биіктігі 30 метрлі тутұғыр орнатылды
Cурет: Almaty-akshamy.kz

Тудың көлемі 3×6 метр

Тутұғыр аудан орталығы Шонжы ауылына орнатылып, салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Шараның шымылдығы гимн шырқауымен ашылып, көк байрағымыз өз биігіне көтерілді.

Тутұғырдың биіктігі 30 метр, тудың көлемі 3×6 метр.

Көкпен таласа бой көтеріп, көш жерден көз тартып, ауыл көркіне көрік қосып, көркем табиғатпен жарасып тұрған көкбайрағымыз аудан тұрғындарына Тәуелсіздік күніне тарту болды.

«Бүгін міне, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында ауданымыздың әр беретін айшықты нысандар қатары айбынды ту тұғыр алаңымен толықты. Көк байрағымыз көкпен ұштасты. ту біз үшін – қастерлі атребут, қанымызда қайнаған намыс, рухты көтеретін құдірет. Атамекеніміздің төріне алып ту тігу – біз үшін асқан абырой, зор мәртебе.  Өңіріміздің айбынын ашқан байрағымыз аудан көркін одан әрі асқақтата түсеріне сенемін» - деп атап өтті аудан әкімі Ш.Нурахунов.