Алматыда жыл сайынғы ағаштарды биологиялық өңдеу жұмыстары жүргізілуде

Алматыда жыл сайынғы ағаштарды биологиялық өңдеу жұмыстары жүргізілуде Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Тиімділігін арттыру мен әсерін нығайту үшін өңдеу жұмыстары жауын-шашын жоқ кезде түнгі уақытта жүргізіледі.


Ағаштардың қалыпты жағдайын сақтау және зиянкестерге төзімділігін арттыру мақсатында Алматыда қаланың жасыл желегін биологиялық өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Алдыңғы жылдардағы өңдеу жұмыстарының нәтижесіне сәйкес препараттардың талшын күйе көбелегі, долана жапырақ ширатқыш көбелегі, раушан жапырақ ширатқыш көбелек сияқты полифаг кеміргіштерге қарсы әсерінің күшті екендігі анықталды.


Былтыр жүргізілген жұмыстың нәтижесі бойынша препараттар каштан көбелегі, долана және раушан жапырағы және т.б. сияқты қорек талғамайтын зиянкестерге қатты әсер еткені анықталды.


Ал монофаг зиянкестерге өңдеуден кейінгі әсерді күшейту үшін былтырдан бастап бірінші кезеңде (вегетация басында) емендер төрт рет, теректер екі реттен өңделетін болады. Бұған дейін олар бір рет қана өңделетін, алайда өңдеу реттілігі аздығының тиімсіз екендігі дәлелденді және ағаштарды сақтап қалуға мүмкіндік бермейтіні анықталды


Жұмыс барысында адамдарға құстар мен жануарларға зиянсыз, климаттық ерекшеліктерді ескере отырып ҚР аумағында қолдануға рұқсат берілген сертификатталған қауіптілігі төмен классқа жататын (П-4) биологиялық және кейбір кездерде химиялық препараттар қолданылады.


Жапырақ кеміргіш және зең ауруларын қоздырғыш зиянкестерге қарсы өңдеу жұмыстарымен 2,3 млн астам ағашты қамту жоспарланған. Зиянкестер мен аурулардың биологиялық ерекшеліктеріне қарай өңдеу жұмыстары түнде және таңғы уақытта жүзеге асырылады.


Биыл биологиялық өңдеу жұмыстары әдеттегідей төрт кезеңмен жүргізіледі: 29 сәуірден 30 мамырға дейін; 10 маусымнан 10 шілдеге дейін; 20 шілдеден 20 тамызға дейін және 30 тамыздан 30 қыркүйекке дейін. Өңдеу кестесіне ауа райына байланысты өзгерістер енгізілуі мүмкін.


 


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38

20:24

19:58

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10

17:09

16:34

16:25

16:18

16:09

16:07

15:22

14:48

14:38