Алматы мен Қытай, Өтелде өзгеріс жоқ, Алаяқты тани жүр!

Алматы мен Қытай, Өтелде өзгеріс жоқ, Алаяқты тани жүр! Сурет: Almaty-akshamy.kz коллажы

Almaty-akshamy.kz сайтында бүгін жарық көрген жаңалықтар – күн керуені


Алматы мен Қытайдың арасы жақындай түседі



Қаламыздан Қытайға дейін туристік пойыз қатынайтын болды. ҚТЖ «Жолаушылар тасымалы» АҚ өкілдері мен Сиань қаласының (ҚХР) үкіметінің делегациясы Сиань қаласынан Алматыға халықаралық туристік жолаушылар пойызын шығаруды ұйымдастыру мәселесін талқылады. Туристік пойыз Үрімші – Алматы-2 бағытындағы №103/104 жолаушылар пойызының кестесі бойынша «Қорғас-Алтынкөл» шекара өткелінен өтеді.




Бейжіңге әуе рейстері де көбейеді



Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, China Southern Airlines әуе компаниясы Алматы-Бейжің әуе бағыты бойынша рейстер санын аптасына 3-тен 7-ге дейін ұлғайтқан. Осылайша, әуе компаниясы осы бағыт бойынша рейстерді күнделікті негізде орындайтын болады. Рейстер сыйымдылығы 152-200 орындық «Эйрбас-А320/А321» типті әуе кемелерінде орындалады.




Қай кәсіп сұранысқа ие болады?



Еңбек ресурстарын дамыту орталығының сарапшылары кадрларға қажеттіліктің 2024-2030 жылдарға арналған орта мерзімді болжамын жасады, оның шеңберінде таяудағы жылдары неғұрлым талап етілетін мамандықтардың ТОП-25 тобы айқындалды. Сарапшылардың пікірінше, ең «қажет»: есепшілер, күзетшілер мен инкассаторлар, жүргізушілер, мұғалімдер, орта медициналық қызметкерлер және мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі тәрбиешілер.


 


Алматының ажары



Қаланың субұрқақтары 1 мамырда іске қосылады. Алматыда 60 субұрқақ іске қосылады. Қала балансында барлығы 66 субұрқақ бар, оның 6-ы қайта жаңғыртылып жатыр.


«Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында  субұрқақтардың тостағандары, түптері, қабырғалары тазартылып, гранит плиталарын қалпына келтіру бойынша дайындық жұмыстары жүргізілді. Мамандар субұрқақтардың сәндік элементтерін бояды, электр жабдықтары мен сорғыларына, электр энергиясының инженерлік желілеріне, суық сумен жабдықтауға және кәрізге ревизия жүргізді.




Алаяқты тани жүр!



Алматы полиция департаменті өздерін Қазақстанның тәртіп сақшылары ретінде таныстыратын танымал алаяқтардың жүздері бейнеленген фотоколлаж дайындады.


«Күдіктілер Whatsapp мессенджерінде аккаунт ашып, аватарларына мемлекеттік мекеме немесе жеке ұйым басшысының суретін қойып, “ҚР ҰҚК кенеттен тексеріп жатыр” деген сылтаумен қарамағындағыларға үшінші тұлғалардың әртүрлі шоттарына шұғыл ақша аудару қажеттілігі туралы жазады. Өкінішке қарай, бұл тізбекпен алданған жағдайлар бар. Сондықтан азаматтардың алаяқтарды көзбен көріп, олармен диалогқа түспеуі өте маңызды», деді, Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Қуатбек Науатов.




Қазақстан оқушылары Балқан олимпиадасына қатысып жатыр



Еліміздің құрама командасының намысын 6 оқушы қорғайды. Варна қаласында (Болгария) математикадан 41-ші Балқан олимпиадасы (BMO) басталды. Олимпиадаға 22 елден 130-дан астам оқушы қатысады.


Балқан олимпиадасына қатысу - ағымдағы жылдың 11-24 шілде айында Бат қаласында (Ұлыбритания) өтетін математикадан халықаралық олимпиадаға (IMO) дайындалу және тәжірибе жинақтау.


 


Вакцина адам өмірін сақтай ма?



Жыл сайын әлемде сәуірдің соңында Дүниежүзілік иммундау апталығы өтеді.


Вакцинация – адам ауру қоздырғыштарымен байланысқа түскенге дейін аурудан қорғаудың қарапайым, қауіпсіз және тиімді әдісі. Жұқпалы аурулар шекарадан оңай өтіп, оны иммунитеті жоқ кез келген адам жұқтырып алуы мүмкін. Вакцинация өзіңізді және айналаңыздағы жандарды қорғауға мүмкіндік береді. Кез келген адам екпе салдыра алады. Бірақ белгілі бір аурулары бар адамдарға кейбір екпелерді салуға болмайды немесе кейінірек салдыруына болады. Бұл ауруларға: созылмалы аурулар немесе емдеу курстары (мысалы, химиотерапия); вакцина компоненттеріне аллергиялық реакциялар; вакцинация кезіндегі ауыр аурулар жатады.




Өтелде өзгеріс жоқ



Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев елімізде утильалымға қатысты өзгеріс болмайтынын айтты.


«Мемлекетте утильалымды өзгерту үшін ешқандай жоспар жоқ. Бұл мәселе жиі көтеріліп жатыр. Қазір кезде бұл бағытта қандай да бір түзету қарастырылмаған», - деді Қ. Шарлапаев.




Бидің де күні бар



Би өнеріне арналған атаулы күн 1982 жылы ЮНЕСКО-ның Халықаралық би кеңесінің бастамасымен бекітілген. Мерекенің 29 сәуірге белгіленуінің өзіндік себебі бар. Бұл күні француз балет бишісі, теоретигі, балет өнерінде реформа жасаған «заманауи бидің әкесі» Жан-Жорже Новерре дүниеге келген. Мереке бүкіл әлемде атап өтіледі.


 


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10

17:09

16:34

16:25

16:18

16:09

16:07

15:22

14:48

14:38

14:28

14:01

13:17

13:14

13:09

13:02

12:51