Журналистерге арналған оқу-әдістемелік жиын өтеді

Журналистерге арналған оқу-әдістемелік жиын өтеді
almaty-akshamy.kz

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі журналистерді дағдарыстық коммуникациялар және әскери журналистика жөніндегі оқу-әдістемелік жиынға шақырады.

Биылғы 20 ақпанда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен ҚР Қорғаныс министрлігі, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі, ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің қатысуымен мемлекеттік органдардың баспасөз қызметтері, БАҚ және блог қауымдастығының өкілдері дағдарыстық коммуникациялар және әскери журналистика жөніндегі оқу-әдістемелік жиын өткізілетінін хабарлайды (бағдарлама қоса беріледі).

Іс-шараның мақсаты халықты сенімді және уақтылы хабардар ету мақсатында дағдарыс, төтенше, әскери қақтығыстар жағдайларындағы іс-әрекеттер мен жұмыс ерекшеліктері бойынша баспасөз қызметтері, БАҚ және қоғамдастық блогы өкілдерінің кәсібилігі мен жұмыс сапасын арттыру болып табылады.

Оқу-әдістемелік жиын келесі мекен-жай бойынша өтеді: Астана қ., Тұран даңғ., 72, ҚР Ұлттық қорғаныс университеті.

Осыған орай, барлық мүдделі тұлғаларды келесі сілтеме бойынша тіркеліп, іс-шараға қатысуға шақырамыз: https://forms.gle/aTyiCp3gw6M4wiY7A.

Барлық сұрақтар бойынша келесі байланыстар бойынша хабарласуға болады +7 7172 740186.