«Астана» футбол клубының бас бапкері ауысты

«Астана» футбол клубының бас бапкері ауысты
Cурет: Elorda.Info

Келісімшарт екі жылға жарамды

Сербиялық маман Срджан Благоевич «Астана» футбол клубымен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.Info-ға сілтеме жасап.

«Срджан Благоевич өз елінде түрлі клубтарды жаттықтырған және мол тәжірибесі бар. Жұмыс істеген соңғы командасы ақтаулық «Каспий», бұл команданың тізгінін екі жыл ұстап, ұжымды жоғары деңгейге шығара алды», - делінген хабарламада.

Аталған маманмен келісімшарт екі жылға жарамды.