26 ақпанда тағы бір сайлау өтеді

26 ақпанда тағы бір сайлау өтеді
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Ұлттық Олимпиада комитетінің президенттігіне сайлау 26 ақпанда өтеді

Еліміздің Ұлттық Олимпиада комитетінің президенттігіне кандидат ретінде Тимур Құлыбаевтың орнына Геннадий Головкин ұсынылғаны ресми айтылды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Даңқты боксшыны сайлау ұйымның 26 ақпанда өтетін Бас ассамблеясының отырысында дауыс беру арқылы шешіледі.

Бұған дейін Геннадий Головкиннің ҰОК-не президент болып сайланатыны туралы қауесет тараған болатын. Кейін ҰОК ақпан айының соңында жиын өтетінін мәлімдеді.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи Тимур Құлыбаев спорт саласына араласқалы бері нәтижелер төмендеп кеткенін айтып, дабыл қаққан болатын. Араға айдан астам уақыт салып, белгілі олигархтың ҰОК басшылығынан кететіні мәлім болып отыр.