Оңтүстік астананың осы жылғы ең әдемі аруы анықталды

Оңтүстік астананың осы жылғы ең әдемі аруы анықталды
Сурет: Inform.kz

Байқау жеңімпазы атанған Азиза Тоқашева - Мәскеу мемлекеттік экономика, статистика және информатика университетінің магистранты.

«Алматы аруы – 2021» байқауының жеңімпазы анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Байқау жеңімпазы атанған Азиза Тоқашева Мәскеу мемлекеттік экономика, статистика және информатика университетінің магистратурасында оқиды. Мамандығы — менеджмент-маркетинг. Азиза бала күнінен халық билерімен айналысады. Сонымен қатар, әлеуметтік және қайырымдылық жобаларға белсенді қатысады.