19 қарашада Айдың ең ұзақ тұтылуы болады

19 қарашада Айдың ең ұзақ тұтылуы болады
inform.kz

www.gismeteo.kz мәліметінше, бұл жолғы ерекшелік – Айдың жартылай тұтылу уақыты ең ұзаққа созылады деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Бұл жағдай соңғы 500 жылдан астам уақытта қайталанып отыр. Жартылай тұтылу фазасы 3 сағат 28 минут 24 секундқа, толық тұтылу 6 сағат 1 минутқа созылады. Сонымен қатар, Ай толады.

Астрологтардың болжамынша, Айдың толуы мен тұтылуының сәйкес келуі адамдардың өміріне өзгеріс әкеледі, бірқалыпты өмір ағынынан шығуға және ұмытылған ескі мәселелерді жандандыруға ықпал етеді.

19 және 20 қарашада мыналарды істемеген дұрыс - сапарға шығу, жұмыстағы мәртебеңізді өзгерту, жалақыны көтеруді талқылау, маңызды шешімдер қабылдау және ұзақ жоспарлар құру, операция жасату, көп ақша жұмсау. Айта кетейік, қазақстандықтар Ай тұтылуын көре алмайды.

Бұл астрономиялық құбылысқа Америка, Солтүстік Еуропа, Шығыс Азия және Аустралия тұрғындары куә бола алады.