Әскери міндеттілерді әскерге шақыру басталды

Әскери міндеттілерді әскерге шақыру басталды
Сурет: 24.kz

1 500 әскери міндетті әскери жиындарға шақырылады.

Қазақстанның Қорғаныс министрі 2022 жылғы 27 маусымдағы «2022 жылы әскери міндеттілерді әскери жиындарға шақыру туралы» бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Еgemen.kz сілтеме жасап. 

Құжатта республикалық ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары шаралары аясында биыл 1 500 әскери міндетті әскери жиындарға шақырылатыны жазылған.

Бұйрық 2022 жылғы 18 шілдеден бастап күшіне енеді, соған сәйкес әскери міндеттілерді әскери дайындыққа шақыру 18 шілдеде басталады.