Қазақстан халқы қартайып жатыр: елімізде қартаю индексі – 26,6

Қазақстан халқы қартайып жатыр: елімізде қартаю индексі – 26,6
Сурет: Ашық дереккөз

Ауыл тұрғындарының қартаю индексі қалалықтарға қарағанда 4,9 тармаққа  төмен

2021 жылы Қазақстанның өңірлерінде халықтың қартаю индексі 26,6 болды. Бұл елімізде 0 бен 15 жас аралығындағы әр 100 балаға 65 жастан асқан 26,6 азамат келеді деген сөз, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап

Ұлттық статистика бюросы бес жыл бұрын, 2017 жылы бұл көрсеткіш 25,9 деңгейінде болғанын мәлімдеді. Сонымен қатар Қазақстанның қалаларында қартаю деңгейі ауылды жерлерге қарағанда жоғары – 28,7.

«2019-2020 жылдар аралығында қала индексі 29,1-ге бағаланды. Өңірлер арасында ең жоғары көрсеткіш Солтүстік Қазақстанда, индекс 66,5 болды. Шымкент ең жас қала болып шықты, 100 балаға 65 жастан асқан 14,3 адам келеді. Елорда халқы да салыстырмалы түрде жас, Нұр-Сұлтанда бұл көрсеткіш 17,3»,-делінген хабарламада.

Ауыл тұрғындарының қартаю индексі қалалықтарға қарағанда 4,9 тармаққа (23,9) төмен. Көрсеткіш бес жылда шамалы өзгерді. 2017 жылы 100 балаға 22,4 ересек адамнан келетін еді.