Қаланы абаттандыру жұмыстары жалғасуда

Қаланы абаттандыру жұмыстары жалғасуда
Сурет: Baq.kz

Көлік жүргізушілерінің абай болуын сұраймыз.

Жұмыс жүріп жатқан аймақта қоршаулар мен уақытша белгілер қойылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Әуезов ауданында тас жол жабыны ауыстырылып, тротуарлар төселуде. Құдықтар мен жауыннан қорғайтын торлар ретке келтірілуде.

Аудандағы жол жөндеу жұмыстары ұзындығы 26,9 км құрайтын 25 көшеде жүріп жатыр. Бүгінде 15,1 шақырым жолдың жөндеу жұмыстары аяқталды.