Бензин мен дизельге шекті баға енгізілмек

Бензин мен дизельге шекті баға енгізілмек
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Энергетика министрлігі бензин мен дизельдің жаңа бағасын белгілемек

«Ашық НҚА» порталында энергетика министрлігі шығарған бұйрықтың жобасы жарияланды. Жоба 28 ақпанға дейін қоғамдық талқылаудан өтеді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

«Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген стационарлық авто жанар-жағар май құю станциялары үшін бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 19 мамырдағы № 361 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11165 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін», - делінген бұйрық мәтінінде. 

Аи-80 бензині – 1 литріне 89 теңге;

Аи-92 және Аи-93 бензині – 1 литріне 205 теңге;

дизель отыны (жазғы, маусымаралық) –1 литріне 295 теңге. 

«Бұйрық жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, қазір жазғы дизель отынының шекті бағасы шетелдіктер үшін 450 теңге, отандастарымызға – 295 теңге.