Судың да сұрауы бар

Судың да сұрауы бар
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Ауыз суға әртараптандырылған тариф белгіленеді

Бұл туралы Мәжілісте өткен дөңгелек үстел барысында Су ресурстары және ирригация министрі Н.Нұржігітов мәлімдеді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. Министр мұндай тариф енгізу арқылы жылына 13 млрд теңге тартуға мүмкіндік беретінін айтты.

Сонымен қарастырылып отырған жоспар бойынша тұтынушыларды төрт топқа бөлу жоспарланып отыр. 

1. Айына 3 текше метрге дейін ауыз су тұтынатындар – бұл тұрғындардың 49 пайызы. Олар қолданыстағы тариф бойынша төлейді.

2. Айына 3-5 текше метр тұтынатындар (қазақстандықтардың 20%-ы) – бұларға тариф 20%-ға жоғары болады.

3. Айына 5-10 текше метр (сонымен бірге 20%) тұтынатындар қолданыстағы тарифтен бір жарым есе артық төлеуге мәжбүр болады.

4. Айына 10 текше метрден астам тұтынатындарға (бұл қазақстандықтардың 11%-ы) қос тариф беріледі. 

«Бюджетке түскен қаржыны монополистер желіні жаңғыртуға, жабдыққа пайдалануға тиіс», – деді Н.Нұржігітов.

Ұлттық экономикаға министрлігінің арнайы бұйрығы 11-ақпанда шыққан. Оны іске қосу аймақтағы монополистердің өтініміне орай іске асады.