Қазақстандық оқушы Абайдың әнін NASA-да шырқады

Қазақстандық оқушы Абайдың әнін NASA-да шырқады
Сурет: Еxk.kz

Оқушы қыз Қазақстанның мәдениетін көрсетуі керек болатын.

Қазақстан атынан тағылымдамадан өткен 15 жастағы Ярослава Кравчук Абайдың сөзіне жазылған «Көзімнің қарасы» әнін орындады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Экспресс К» сайтына сілтеме жасап.

АҚШ-тың Аэроғарыш агенттігі жанындағы жазғы NASA United Space School мектебінде халықаралық байқау өтіп, онда әр оқушы өз елінің мәдениетімен байланысты нөмір ұсынуы керек еді.

Павлодардың №8 мектеп-лицейінде оқитын Ярослава республикалық астрономиялық жарыста жеңіске жеткеннен кейін NASA-ның жазғы мектебіне шақырту алған еді. Ол кометалар мен астероидтардың топырағынан сутегі отынын өндіруге көмектесетін «Kanysh» атты шағын ғарыш аппараттарының макетін жасаған болатын.