Мәжіліс Төрағасы Тұңғыш Президент күніне арналған парламенттік конференцияның ашылғанын мәлім етті

Мәжіліс Төрағасы Тұңғыш Президент күніне арналған парламенттік конференцияның ашылғанын мәлім етті
Сурет: Аstanatimes.com

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы. Тәуелсіздік. Парламент» атты халықаралық конференцияда сөз сөйледі

Еліміздің Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиясының арқасында Қазақстан айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізгенін атап өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған Конференция биыл еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өтуде.

Парламент Мәжілісі жыл сайын дәстүрлі түрде Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастыратын форумға Әзірбайжан, Түркия, Өзбекстан, Ресей, Словакия, Еуропалық Парламент, ТүркПА парламенттерінің басшылары мен депутаттары, Мәжіліс және Сенат депутаттары, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен сарапшылар қауымдастығы қатысты. Конференцияны алғысөзбен ашқан Мәжіліс Төрағасы бірнеше күннен кейін тәуелсіз Қазақстанның құрылғанына 30 жыл толатынын,  бұл тағы бір тарихи белес екенін, еліміз бағындырған әрбір жеңіс, тікелей Елбасының атымен байланысты екенін атап өтті.

Сонымен қатар, Палата Спикері Тұңғыш Президентіміздің «алдымен экономика, одан кейін саясат», – деген ұстанымының арқасында еліміз қиындықтарды жеңіп, осы кезеңде қос Палаталы кәсіби Парламент Елбасының және Президенттің  заңнамалық тірегі болғанын айтты.