Газ жарылысынан дүкен ғимараты құлады

Газ жарылысынан дүкен ғимараты құлады
Сурет: видеодан скриншот

Жедел жәрдем қызметкерлері әйелді аман алып қалды. Ол үйінділер астында ер адамның қалғанын айтқан.

Теміртауда екі қабатты дүкен ғимаратында газ жарылды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға сағат 8.06-да Ватутина көшесінде болған. Дүкен ғимараты құлап, өрт шықты. Үйінді астынан бір әйел шығарылды. Ол үйінділер астында ер адамның қалғанын хабарлады. Құтқару жұмыстары жалғасуда.
Сағат 9.08-де өрт 40 м2 аумақта оқшауланды.