Түркіменстан жетекшісінің ұлы алдағы президенттік сайлауда бағын сынамақ

Түркіменстан жетекшісінің ұлы алдағы президенттік сайлауда бағын сынамақ Сурет: Ria.ru

Президенттік сайлау 12 наурызға белгіленген.


Түркіменстанның қазіргі Мемлекет басшысы Гурбангулы Бердімұхамедовтің ұлы, Түркіменстан Премьер-Министрінің орынбасары Сердар Бердімұхамедов 12 наурызда өтетін сайлауда Түркіменстан президенттігіне кандидат ретінде ұсынылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Interfax.ru сілтеме жасап.


Оның кандидатурасын Түркіменстан Демократиялық партиясы кезектен тыс тоғызыншы құрылтайы барысында ұсынған. 



«Бүгін Түркіменстанның қоғамдық ұйымдар орталығында Түркіменстан демократиялық партиясының кезектен тыс IX съезі өтті. Күн тәртібіне сәйкес, Түркіменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Сердар Гурбангулыевич Бердімұхамедовтің кандидатурасы ұсынылды», - делінген хабарламада. 



Ақпанның 11-і күні Түркіменстанның Халық маслахаты (Халық кеңесі) отырысында 15 жыл президент болған Гурбангулы Бердімұхамедов жас басшыға өз қызметін тапсыруға ниеті екені туралы мәлімдеп, Халық маслахатында (Парламенттің жоғарғы палатасы) тек төрағалық міндетін қалдыратынын айтқан болатын. 


Түркіменстанда мерзімінен бұрын президент сайлауы 2022 жылдың 12 наурызына белгіленген. Түркіменстан Конституциясына сәйкес, Түркіменстанда туылған, жасы 40-тан кіші емес, мемлекеттік тілді жетік меңгерген, осы елде соңғы 15 жыл тұрақты тұратын және жұмыс істейтін азамат ел президенті болып сайлана алады. 


Дүйсенбі күні Сайлау және референдумдарды өткізу жөніндегі орталық комиссия (ОСК) сайлау науқаны басталғанын хабарлады. Атап айтқанда, 14 ақпаннан бастап саяси партиялар мен азаматтардың бастамашыл топтары жоғары мемлекеттік лауазымға өз кандидаттарын ұсыну бойынша жиындар өткізе бастайды. 


Қазір Түркіменстанда вице-премьер қызметін 2021 жылдың шілдесінен бері қаржы-экономикалық кешенге жетекшілік етіп келген Президенттің ұлы Сердар Бердімұхамедов атқаруда. 2021 жылы 22 қыркүйекте ол 40 жасқа толды. 


2019 жылдың 17 маусымынан бастап Президенттің ұлы Түркіменстанның орталық аймағы – Ахал велаятының (облысы) басшысы болып табылады. Сердар Бердімұхамедов 2020 жылдың 7 ақпанынан бастап Индустрия және құрылыс өндірісі министрі қызметін атқарды. 


2021 жылдың 11 ақпанында ол Премьер-Министрдің орынбасары, Жоғарғы бақылау палатасының төрағасы болып тағайындалып, Мемлекеттік қауіпсіздік кеңесіне таныстырылды. Бұл қызметте ол мемлекеттік басқару жүйесінде, қаржы-экономикалық және әлеуметтік секторда цифрландыру мен инновациялық технологияларды енгізуге де жауапты болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38

20:24

19:58

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10

17:09

16:34

16:25

16:18

16:09

16:07

15:22

14:48

14:38