Крокус Сити Холлда қаза болғандар тізімі енді жарияланады

Крокус Сити Холлда қаза болғандар тізімі енді жарияланады
Сурет: РИА Новости

Біз бұдан бұрын ҚР СІМ-нің мәлімдемесін жариялағанбыз.

Мәскеу облысының губернаторы Андрей Воробьевтің айтуынша, теракт кезінде қаза тапқандар тізімі сағат 10.00-де (Мәскеу уақытымен.ред) жарияланады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Кубик» бизнес орталығындағы Отан қорғаушылар қорының ғимаратында таңғы сағат онда біздің «Анықтамалық орталығымыз» жұмыс істей бастайды. Бұл Крокустан бес минуттық жерде орналасқан. Ол жерден  қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы барлық қажетті ақпаратты алуға болады. Жедел желі нөмірі: 122-0. Сонымен бірге, қайтыс болғандардың анықталғандарының тізімі жарияланады. Орталықта біздің де, Мәскеу билігінің де өкілдері жұмыс істейді, олар қажетті көмек көрсетеді және сұрақтарға жауап береді», - деді Андрей Воробьев.